Әлем

Мысыр вокзалындағы жантүршігерлік апат: 30-ға жуық адам қаза тапты - видео

Жойқын апат пен өртке машинистер арасындағы кикілжің себеп болған
Sputnik

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Мысыр астанасы Каир орталығындағы теміржол вокзалында жойқын апат пен өрт салдарынан жиырма сегіз адам қаза тапты. Өрттен зардап шеккендер саны 50-ден асқан.

Анкарадағы ірі апат: жүрдек пойыз рельстен шығып кетті

Вагондар тіркелген тепловоз қатты жылдамдықпен Рамсис станциясындағы платформаға соғылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Тергеу барысында анықталғандай, локомотивтің апатқа ұшырауына екі тепловоз машинистерінің арасындағы кикілжің себеп болды, деп мәлімдеді Мысырдың бас прокуроры Набиль Садек.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, олардың бірі екіншісі неге жолды бөгеп тұрғанын білу үшін тепловоздан түскен. Екінші машинист соқтығысудың алдын алу үшін кері шегінеді. Алайда машиниссіз қалған тепловоз қатты жылдамдықпен вокзалдың жанына салынған ғимаратқа бір-ақ соғылады.

​Қатты соққыдан өрт шығып, жанармай багы жарылады, тілсіз жау платформаға тез тарап, вагондар отқа оранған. Полиция сәрсенбі күні кешке машинисті Каирдың солтүстігіндегі Мануфия провинциясында ұстады.

​Оқиғадан соң Мысырдың көлік министрі Хишам Арафат отставкаға кетуге өтініш берді.