АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Мысыр астанасы Каир орталығындағы теміржол вокзалында жойқын апат пен өрт салдарынан жиырма сегіз адам қаза тапты. Өрттен зардап шеккендер саны 50-ден асқан.
Вагондар тіркелген тепловоз қатты жылдамдықпен Рамсис станциясындағы платформаға соғылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Тергеу барысында анықталғандай, локомотивтің апатқа ұшырауына екі тепловоз машинистерінің арасындағы кикілжің себеп болды, деп мәлімдеді Мысырдың бас прокуроры Набиль Садек.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, олардың бірі екіншісі неге жолды бөгеп тұрғанын білу үшін тепловоздан түскен. Екінші машинист соқтығысудың алдын алу үшін кері шегінеді. Алайда машиниссіз қалған тепловоз қатты жылдамдықпен вокзалдың жанына салынған ғимаратқа бір-ақ соғылады.
В центре Каира потерпел крушение и загорелся поезд. По словам местных властей, локомотив вообще взорвался от столкновения с каким-то препятствием. #Cairo #traincrash pic.twitter.com/lxJ226obqP
— Мировые РИА Новости (@RIA_Worldnews) 27 февраля 2019 г.
Қатты соққыдан өрт шығып, жанармай багы жарылады, тілсіз жау платформаға тез тарап, вагондар отқа оранған. Полиция сәрсенбі күні кешке машинисті Каирдың солтүстігіндегі Мануфия провинциясында ұстады.
أول فيديو للحظة وقوع حادث محطة مصر
— ج . م . ع (@Gomhorya_m) 27 февраля 2019 г.
ربنا يرحم اللي ماتوا ويصبر اللي عايشين pic.twitter.com/M7YADIWfp0
Оқиғадан соң Мысырдың көлік министрі Хишам Арафат отставкаға кетуге өтініш берді.