АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қырғызстанның көкбөрі федерациясының президенті Жырғалбек Саматов қызметінен кетті. Федерация құрылтайында өкілдер осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Саматов ҚР көкбөрі федерациясының президенті болып өткен жылдың шілде айында сайланды. Бұл уақытқа дейін Жогорку Кенеш депутаты болған.
Тағы оқыңыз: Көкпардың жаңа халықаралық ережесі бекітілді
Қырғызстан көкбөрі федерациясының жаңа басшысы кім
Федерация президенті қызметінен кеткеннен кейін бірден сайлау өтіп, орнына жаңа басшы тағайындалды. Ол "Северэлектро" ААҚ бас директоры Ескендір Қадырқұлов. Мұндай шешім әлемнің түкпір-түкпірінен келген өкілдер қатысқан федерация съезінде қабылданды.
Астанада өткен бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесіне Қырғызстан өкілдері қатыспады. Қауымдастықтың қалған мүшелері толығымен қазандықтан бас тарту идеясын қолдап, жаңа ереже бекітті. 2019 жылдың күз айында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында қазандықты шеңбер алмастырады.