АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ақтөбе облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты. Ол облыс активіне жаңа әкімді таныстырды.
Тағы оқыңыз: Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды
Мамин мәслихат депутаттарына мемлекет басшысының Оңдасын Оразалинның кандидатурасын Ақтөбе облысының әкімі лауазымына ұсыну туралы хатын оқып берді. Депутаттар президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.
Оңдасын Оразалин кім?
Әр жылдары мемлекеттік қызметте түрлі лауазым атқарды, коммерциялық секторда жұмыс істеген. Атап айтсақ, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдың наурызынан бастап Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып еңбек етті.