Дерекқор

Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз?

Асқар Жұмағалиев 2019 жылдың 25 ақпанында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды
Sputnik

Асқар Қуанышұлы 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі

– Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған;

– Қазақ ұлттық техникалық университетін "Радиобайланыс, радиотарату және теледидар" мамандығы бойынша аяқтаған;

– Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған;  

– Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.

Отбасылық жағдайы  

Үйленген. Әйелі –  Мәми Айнұр Қайратқызы (1979). Қызы – Мириам (2003), ұлы – Қайсар (2006).

Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз?

Жұмыс тәжірибесі 

  • 1996-1998 жылдары – "Жарық" ЖШС бас директоры;
  • 1998-1999 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі;
  • 1999-2000 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы;
  • 2000 жылы – "Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы" РМК-да басқарма басшысы;
  • 2001-2003 жылдары – ҚР байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы;
  • 2003-2005 жылдары – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2005-2006 жылдары – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2006 жылы – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;
  • 2006-2010 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ президенті;
  • 2010-2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі;
  • 2012-2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі;
  • 2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;
  • 2014-2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары;
  • 2015-2017 жылдары "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы;
  • 2017-2018 жылдары – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;
  • 2018 жылдың 26 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін –  Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Марапаттары

  • "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медалі (2005);
  • Ю.А. Гагарин атындағы медаль (2005);
  • "Құрметті байланысшы"белгісі (2005);  
  • "Құрмет" ордені (2009).

Ғылыми атағы  

Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебінен "Электрондық басқару саласының магистрі" ғылыми дәрежесін алған.