Дерекқор

Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз?

© Sputnik / Сергей КимАсқар Жұмағалиев
Асқар Жұмағалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асқар Жұмағалиев 2019 жылдың 25 ақпанында Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

Асқар Қуанышұлы 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі

– Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған;

– Қазақ ұлттық техникалық университетін "Радиобайланыс, радиотарату және теледидар" мамандығы бойынша аяқтаған;

– Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған;  

– Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.

Отбасылық жағдайы  

Үйленген. Әйелі –  Мәми Айнұр Қайратқызы (1979). Қызы – Мириам (2003), ұлы – Қайсар (2006).

© Photo : ҚР президентінің ресми сайтыҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Жұмағалиевті қабылдады
Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз?  - Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Жұмыс тәжірибесі 

  • 1996-1998 жылдары – "Жарық" ЖШС бас директоры;
  • 1998-1999 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі;
  • 1999-2000 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы;
  • 2000 жылы – "Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы" РМК-да басқарма басшысы;
  • 2001-2003 жылдары – ҚР байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы;
  • 2003-2005 жылдары – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2005-2006 жылдары – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2006 жылы – ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;
  • 2006-2010 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ президенті;
  • 2010-2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі;
  • 2012-2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі;
  • 2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;
  • 2014-2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары;
  • 2015-2017 жылдары "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы;
  • 2017-2018 жылдары – Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;
  • 2018 жылдың 26 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін –  Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Марапаттары

  • "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медалі (2005);
  • Ю.А. Гагарин атындағы медаль (2005);
  • "Құрметті байланысшы"белгісі (2005);  
  • "Құрмет" ордені (2009).

Ғылыми атағы  

Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебінен "Электрондық басқару саласының магистрі" ғылыми дәрежесін алған.

Жаңалықтар
0