Спорт

Головкин карьерасын аяқтай ма? Эдди Хирн қызықты мәлімдеме жасады

 Геннадий Головкин DAZN стримингтік платформасымен келіссөз жүргізіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. DAZN стримингтік платформасының басшысы Эдди Хирн Fighthype.com-ға берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жүргізіліп жатқан келіссөзге түсініктеме беріп, "ол карьерасын аяқтауы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты
"Біз Геннадиймен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қалай болатынын көреміз. Алайда ол барлығымен келіссөз жүргізуде және көп ұзамай шешім қабылдайды. Ол Марвин Хаглердің ізімен жүріп, дәл қазір карьерасын аяқтауы мүмкін бе? Жоқ, олай ойламаймын. Ол тамаша боксшы. Менің ойымша, әлі екі-үш жыл жұдырықтасады", - деді Хирн.

Қазіргі уақытта Головкиннің едәуір ықтимал қарсыласы ретінде WBO чемпионы Деметриус Андраденің аты аталып отыр. Ол да DAZN клиенті, егер Геннадий "миллиардтық жобаға" қосылуға шешім қабылдаса, бұл жекпе-жекті ұйымдастыру анағұрлым жеңілдейді.