АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орташа салмақ дәрежесіндегі IBF чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты.
IBF Головкинді іріктеу кездесуіне қатысуға шақырған, бірақ ол келісім бермеді, деп жазады Sports.kz спорттық функционер Инго Фолькманнға сілтеме жасап.
Іріктеу кездесуіне эквадорлық неміс боксшысы Джек Кулькай мен IBF белбеуіне бұрынғы үміткер украиналық Сергей Деревянченко шығады. Кездесу жоспар бойынша 13 сәуірде америкалық Миннеаполис қаласында өтуі тиіс.
Қазір IBF чемпиондық титулының иегері Дэниел Джейкбос мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға дайындалып жатыр. "Канело" бұдан бұрын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің титулдарын жеңіп алып, орташа салмақ дәрежесінде WBC және WBA чемпионы атанған еді.
May the 4th be explosive 🧨
— Golden Boy Boxing (@GoldenBoyBoxing) 17 января 2019 г.
🚨 #CaneloJacobs 💥🥊 pic.twitter.com/Rroq86SO8f
Геннадий Головкин "Канело" Альвареспен екі рет кездесті. 2017 жылы 16 қыркүйекте болған жекпе-жек теңбе-тең аяқталса, қарымта кездесуде қазақстандық сәтсіздікке ұшырап, барлық титулынан айырылып қалды. Жанкүйерлер қос былғары қолғап шеберінің кәсіби рингте тағы да күш сынасуын қалайды.
Былтыр Головкин IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Мұның себебі – GGG украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға жазбаша келісімін бермеген.