Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Онда ұшақтағы медицина қызметкерлері әйелді босандырып жатқанын, ал жолаушылар оны өз орындарынан бақылап тұрғанын көруге болады, деп хабарлады NBC 6 News.
"Біз борттағы экипаж мүшелері мен дәрігерлерге оқиға кезінде есеңгіреп қалмай шұғыл әрекет еткені үшін алғысымызды білдіреміз", - дейді аталған әуе компанияның корпоративті коммуникациялар жөніндегі менеджері Дженнифер Данг.
"Анасының жағдайы жақсы. Аталған рейсті біз жаңа туған клиентіміздің құрметіне Born to be Blue деп атағымыз келеді", - делінген JetBlue компаниясының аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдемесінде.
Айта кетейік, 2018 жылдың наурызында ресейлік турист Дахаб курортты қаласындағы теңізде босанған. Бұл сәтті жақын маңдағы үйлерде тұратын тұрғындар фотоға түсіріп алыпты. Суреттен әйелдің шомылып болған адамдай теңізден шығып келе жатқанын, ал оның күйеуі кіндігі кесілген баласын қолында ұстап тұрған сәтін көруге болады.