АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Үндістаннан Қазақстанға бет алған Air Astana ұшағының бортында зейнеткер көз жұмды.
"Бүгін, 3 ақпан күні Делиден Алматыға ұшып шыққан AirAstana ұшағында жолаушы әйел қайтыс болды. 67 жастағы қазақстандық әуе кемесі ұшар алдында өзін жайсыз сезінгені белгілі, билет келесі күнге ауыстырылған", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан сайтына Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен.
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, әйел онкологиялық дертке шалдыққан. Ұшу кезінде жағдайы күрт нашарлап кеткен, ұшақ қонған кезде Алматы әуежайы медициналық қызметінің дәрігерлері оның өлімін тіркеді.
Рейс Алматыға кесте бойынша ұшып келді.