Өңірлер

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды

Құтқарушылар қарға батып қалған көліктерді шығару үшін жолды күреп, қардан тазалауға мәжбүр болды
Sputnik

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Қостанай облысындағы Арқалық – Жезқазған жолында екі көлік батып қалды, онда барлығы 14 адам болған.

Қазақстанда 15 ресейлік оқушы отырған автобус жолда қалып қойды

Toyota Corolla мен "Газель" жолдың 60-шы километрінде, Жалғызтал ауылынан 15 шақырымдай жерде қар құрсауында қалыпты, деп жазады alau.kz өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Арқалық құтқарушыларының екі тобы мен жолды күрейтін арнайы техника қаладан аттанып, қар басып қалған жолды күреп, көліктерді сүйреп шығарды.

Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды

Құтқарушылар көлік жүргізушілерін қардан тазартылған жолға шығарып, Арқалыққа дейін бірге барды.

Қар құрсауында қалған көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына медициналық көмек қажет болмады.

Павлодар облысында жолда қалған өзбектер құтқарылды