Өңірлер

Қазақстанда 15 ресейлік оқушы отырған автобус жолда қалып қойды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАвтомобиль
Автомобиль - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстанда балаларды Кемерова облысының Прокопьевск қаласына алып бара жатқан автобус сынды

АЛМАТЫ, 29 қаңтар — Sputnik. Ресей Федерациясының он бес спортшы оқушысы жарыстан қайтып келе жатқан болатын. Олар отырған автобус Шығыс Қазақстан облысында сынды. Қазақстандық құтқарушылар автобуста отырған оқушыларды қауіпсіз жерге апарды. 

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Елу оқушы мінген автобус жолдан шығып кетіп, аударылды
Жасөспірімдерді тасымалдаған автобус Шығыс Қазақстан облысының Шемонаих ауданы мен Ресей Федерациясы шекарасы арасындағы тасжолдың 121-ші километрінде бұзылған, деп хабарлайды ustinka.kz сайты.

Болған жағдай туралы хабар облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне 29 қаңтар түні келіп түсті. Жас спортшылар Қазақстанда өткен жарыстан кейін Өскемен қаласынан Кемерова облысының Прокопьевск қаласына бағыт алған болатын. Құтқарушылар уақытынде келмегенде оқушылар үсіп қалушы еді. Себебі жүргізушілер автобусты көпке дейін жөндей алмаған.

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті 15 жасөспірім, екі жаттықтырушы және көлік құралының жүргізушілерін Шемонаих қаласының станциясына жеткізді.

Тағы оқыңыз:

"Кейін олар Ресейге бара жатқан басқа автобусқа отырып кетті", — деді Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылар мәліметі бойынша, автобус жолаушысының ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеген.

Жаңалықтар
0