АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы үйсіз-күйсіз адамды 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы шөлмектес досын жіппен буындырып өлтірген. Оның айтуынша, "мені өлтірші" деп жолдасының өзі өтініш білдіріпті.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, өзін-өзі қорғау немесе күш көрсету белгілері анықталмаған.
Алайда, сот айыпталушының сөзін дәлелсіз деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Алтайньюс.
"Айыпталушының кінәсін мойындағанын және жасаған қылмысын өкінетінін, сондай-ақ мас күйінде қылмыс жасағанын ескере отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.