Өңірлер

Мені өлтірші деп өзі өтінді: Өскеменде "бомж" сот алдында жауап берді

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуВодка
Водка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы шөлмектес досын жіппен буындырып өлтірген

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы үйсіз-күйсіз адамды 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Көпқабатты үй. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Досын қорқытпақ болған жас жігіт оны абайсызда өлтіріп алды
Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы шөлмектес досын жіппен буындырып өлтірген. Оның айтуынша, "мені өлтірші" деп жолдасының өзі өтініш білдіріпті.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, өзін-өзі қорғау немесе күш көрсету белгілері анықталмаған.

Алайда, сот айыпталушының сөзін дәлелсіз деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Алтайньюс.

"Айыпталушының кінәсін мойындағанын және жасаған қылмысын өкінетінін, сондай-ақ мас күйінде қылмыс жасағанын ескере отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Жаңалықтар
0