АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Словения парламентінің депутаты Дарий Крайчич Любляна қаласындағы дүкеннен сэндвич ұрлағаннан кейін отставкаға кетті.
Крайчичтің айтуынша, оны супермаркетте ешкім елемеген, сондықтан ол алған затының ақшасын төлемей кетіп, қауіпсіздік жүйесін тексеріп көрмекші болыпты.
Кракич "әлеуметтік эксперимент" жасағанына өкінетінін айтып, кешірім сұрады.
"Сөренің жанында үш минуттай тұрған шығармын. Маған ешкім келмеді, ешкім айқайлаған жоқ", - дейді депутат.
Крайчич осы оқиғаны өз партиясының өзге өкілдеріне айтып беріпті, олар алдымен күлген де қойған, бірақ бейсенбіде парламент фракциясының төрағасы Бране Голубович Кракичтің іс-әрекетін айыптады.
"Ол жауапкершілікті өз мойнына алып, өз еркімен жүрген", - деп мәлімдеді Голубович.
Кракич парламентке өткен жылдың қыркүйегінде сайланды, сол кезде "Марьян Шарецтің тізімі" партиясы билеуші коалицияда басымдыққа ие болған.