Бұл балалардың жүргенідегі жазылмас жара мен жанарындағы қайғы-мұңды бейбіт елде дүниеге келген құрдастары ешқашан сезіне алмас.
Суреттерде – түрлі ойындарға толы планшетсіз, дәмі тіл үйіретін тәттісіз өсіп келе жатқан ауған балалары. Олар күнделікті тіршілік үшін күреседі: құдықтан су тартып әкеліп, қой бағады, сауда-саттықпен айналысады, өзінен кіші бауырларына қамқор болады. Бір сәт қолы босай қалса, бала екендері есіне түсіп, асыр салып ойнайды.
Sputnik Қазақстан фотолентасында Ауғанстан балаларының өміріне куә боласыздар.