Бұл балалардың жүргенідегі жазылмас жара мен жанарындағы қайғы-мұңды бейбіт елде дүниеге келген құрдастары ешқашан сезіне алмас.
Суреттерде – түрлі ойындарға толы планшетсіз, дәмі тіл үйіретін тәттісіз өсіп келе жатқан ауған балалары. Олар күнделікті тіршілік үшін күреседі: құдықтан су тартып әкеліп, қой бағады, сауда-саттықпен айналысады, өзінен кіші бауырларына қамқор болады. Бір сәт қолы босай қалса, бала екендері есіне түсіп, асыр салып ойнайды.
Sputnik Қазақстан фотолентасында Ауғанстан балаларының өміріне куә боласыздар.

1/12
© AFP 2024 / WAKIL KOHSAR
Көпшілікке танымал ауған баласы Мұртаза Ахмади сүйікті футболшысы Лео Мессимен кездесіп, аты шыққан еді.

2/12
© AFP 2024 / Wakil Kohsar
Ауған балалары үйлеріне су тасып апара жатыр.

Ауғанстандағы Газни провинциясының босқындары. 19 қараша 2018 жыл.

4/12
© AP Photo / Rahmat Gul
Жасөспірім інісін көкөністер қорабымен сүйретіп, ойнатып жүр, Кабул, Ауғанстан, 2018 жыл.

5/12
© AFP 2024 / Wakil KOHSAR
Ауған баласы батпырауық ұшырып жүр. 13 сәуір 2018 жыл.

Ауғанстандағы Газни провинциясының босқындары.

7/12
© AP Photo / Rahmat Gul
Кабул балалары әткеншек теуіп жүр, Ауғанстан, 14 наурыз 2017 жыл.

8/12
© AFP 2024 / Hoshang Hashimi
Кішкентай сатушы Герат қаласындағы дүңгершегінде көмір елеп отыр, Ауғанстан, 4 желтоқсан 2018 жыл.

9/12
© AFP 2024 / Shah MARAI
Ауған қыздары кітапханада кітап оқып отыр.

10/12
© AP Photo / Rahmat Gul
Ауған баласы шар үрлеп тұр, Кабул, Ауғанстан, 2017 жыл

11/12
© AP Photo / Rahmat Gul
Бақташы қыз сіңлісін көтеріп алған, Кабул, 2018 жыл

12/12
© AFP 2024 / AREF KARIMI
Ауған балалары шармен ойнап жүр, 28 қазан 2016 жыл.
