АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Ақтау қаласында кәріз құдығынан табылған нәрестенің денесіне қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды жергілікті ИнАктау басылымы.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бастапқы деректер бойынша, шарана үш-төрт айлық болған.
Іштегі нәрестенің денесі 10 ақпанда кешкі 18:40 кезінде 1-ші шағын аудандағы кәріздің сорғы станциясынан табылған. Анасының кім екенін анықтау мүмкін емес, себебі кәріз құдығында бүкіл қаланың ақпасуы жинақталады.
"Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілді. Ол ҚР ҚК 100-бабы бойынша (Нәрестені анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Таразда өртенген қоқыстан сәбидің денесі табылды
Полиция атап өткендей, қараша айында жұмысшылар мәйітін қоқыстан тауып алған сәбидің анасының кім екені анықталмаған.