Оқиға

Ақтауда кәріз құдығынан нәрестенің денесі табылды: полиция түсініктеме берді

© AP Photo Нәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Ақтау қаласында кәріз құдығынан табылған нәрестенің денесіне қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды жергілікті ИнАктау басылымы.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Туғым келмеген еді": Павлодарда анасы екі айлық сәбиін аяусыз ұрып өлтірді

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бастапқы деректер бойынша, шарана үш-төрт айлық болған.

Іштегі нәрестенің денесі 10 ақпанда кешкі 18:40 кезінде 1-ші шағын аудандағы кәріздің сорғы станциясынан табылған. Анасының кім екенін анықтау мүмкін емес, себебі кәріз құдығында бүкіл қаланың ақпасуы жинақталады.

"Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілді. Ол ҚР ҚК 100-бабы бойынша (Нәрестені анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Таразда өртенген қоқыстан сәбидің денесі табылды

Полиция атап өткендей, қараша айында жұмысшылар мәйітін қоқыстан тауып алған сәбидің анасының кім екені анықталмаған.

Жоғалып кеткен сәби тоңазытқыштан өлі табылды

Жаңалықтар
0