Мәдениет

Димаштан кем емес: моңғол әншісі де америкалықтарды аузына қаратты - видео

"Рок-н-ролл королі" Элвис Преслидің дауысымен ән шырқаған моңғол жігіті Димаштан бір балл кем жинады
Sputnik

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Моңғолия әншісі америкалық дарындылар шоуының әділ қазыларын ерекше дауысымен тәнті етті.

Энх-Эрдэнэ (Enkh Erdene) Элвис Преслидің мақамымен Amarillo by Morning (Таңға жуық Амариллоға жету) әнін жеріне жеткізіп орындаған. Бір қызығы, ол ағылшын тілінде мүлдем сөйлемейді екен. АҚШ-қа алғаш рет осы шоуға қатысу үшін келіп отыр.

Әлеуметтік желіде дарынды қатысушыға арналған хэштег пайда болды - #mongoliancowboy, "Моңғол ковбойы" дегенді білдіреді. Кей деректерге сүйенсек, ол "Эй, Арнольд" мультфильміндегі кейіпкерден айнымайды.

​​Актриса Дрю Бэрримор моңғол жігітінің орындауын өте жоғары бағалап, ең көп 50 балл қойды. Актер Ру Пол мен әнші Фэйт Хилл 48 балдан беріпті. Әр саланың 50 сарапшысы бір балл ғана кем қойған. Сөйтіп, "Әлемнің үздігі" атағына үміткер 97 балл жинады.

Димаш Құдайберген Америка жұртшылығын аузына қаратты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жүзден 98 балл жинаған еді. Ол шоуда SOS d'un terrien (Торыққан жер тұрғынының жан айқайы). Конкурстың жүргізушісі "Алты октава адамға" дауыс бермегендерді әзіл-қалжыңы аралас тілмен түйреп алды.

Димаш Құдайберген Америкада жеке ән кешін өткізуі мүмкін

Дарындылар шоуында Қазақстанның намысын жас әнші Данэлия Төлешова да қорғайды. Ол қатысқан бөлім CBS эфиріне Астана уақытымен 14 ақпан күні сағат 10:00-да шығады.

Танымал голливудтық актриса Данэлияның дауысын тыңдап, көзіне жас алды - видео