Қоғам

Энергетика министрлігі штатты қысқартады: қанша адам жұмыссыз қалады?

Ведомство штатын оңтайландыру жұмысы Назарбаевтың тапсырмасымен жүргізілді
Sputnik

АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. Энергетика министрлігінде штатты оңтайландыру жұмыстары бірінші тоқсандықтың соңына дейін аяқталады, деп хабарлады ведомство басшысы Қанат Бозымбаев министрлік коллегиясының кеңейтілген отырысында.

Қасымов полицейлерді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты

"Министрлік қызметкерлерінің саны бірінші тоқсандықтың аяғына дейін 90 бірлікке қысқаратын болады. Жауапты хатшы Қанатбек Сафиновқа тиісті жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ Министрлік қызметінің тиімділігін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және оңтайландыруды тапсырамын", - деді министр.

Қазақстанда мыңнан астам шенеунік жұмыссыз қалуы мүмкін

Орталық аппарат бойынша департаменттердің саны 21-ден 17-ге дейін қысқарады. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың саны 11-ден 7-ге дейін қысқаратын болады.

Штатты оңтайландыру жұмысы Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасымен жүргізілді.

Қазақстанның батысында 300-ден астам полиция қызметкері жұмысынан айырылады