Өңірлер

Шымкенттегі атақты хирургтің өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады

Шымкент қалалық аурухананың бас дәрігері өз-өзіне қол салды
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 8-ақпан - Sputnik. Шымкентте қалалық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мәди Биғалиевтің өліміне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Мас дәрігер толғағы қысқан әйел мен іштегі сәбиін өлтіріп алды
Оқиға ақпанның жетісі түстен кейін болған. 63 жастағы бас дәрігер Абай ауданындағы үйінде өз-өзіне қол салған. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

"Өзіне-өзі қол салу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Білікті дәрігер, атақты хирург-трансплантолог Мәди Биғалиев медицина саласына 40 жыл ғұмырын арнады. Профессор 9 мыңға жуық операция жасаған.

"Мәди Қожаұлы өңіріміздің медицина саласы үшін зор үлес қосты. Тек Қазақстан емес, хирургтің біліктілігін естіген шет елдің науқастары шекара асып, Шымкентке келуші еді", -  дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақыпқызы.