АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Бұдан бұрын 10 мың доллар пара алғаны үшін ұсталған Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі брифинг барысында.
Ұсталған судья мемлекеттік қызметте жүріп, жеке тұлғадан алаяқтық жолмен 10 мың доллар алған. Ол бұл ақшаны тыйым салынған жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алып тастау үшін алдым деген, негізінде бұл азаматтық іст судьяның қарастыруында болмаған екен.
Қазір осы дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Депутат министрден 78 миллиард теңгенің қайда кеткенін сұрады
Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, Атырауда құқық қорғаушы органдар қызметкерлерінің пара алғандығы анықталды. Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары мен оның әріптесі, бөлім бастығына жемқорлық жасады деген айып тағылған.
Оларға келтірілген күдік бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында өзара сыбайласып, бопсалау арқылы қол астындағы қызметкерлерге қамқорлық жасағандары үшін бұдан бұрын төленген сыйақыларынан 2 миллион теңге пара алыпты.
Солтүстік Қазақстанда әкім 3 млн теңге парамен қолға түсті
Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды. Тергеу әрі қарай жалғасып жатыр.