Өңірлер

Ақтауда чемпион шенеунік қамауға алынды: істің мән-жайы

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Басқарма басшысы мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінді

АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. Ақтауда Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұрбек Қарабалаев ұсталды.

Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Маңғыстау облысында басқарма басшысы қамауға алынды

Ұсталған шенеунік – панкратионнан Қазақстан чемпионына қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ол шетелдік компанияларға аккредитация беру шарттарын заңсыз жолмен жеңілдетіп, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарты бойынша салынып жатқан мұз айдынға сай келмейтін құрылғыны (адиабаттық салқындатқыш) жеткізуге қолдау білдіріпті.

Осындай астыртын әрекеттер салдарынан мемлекетке бір миллиард теңгеден астам шығын келді, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы ведомство брифинг барысында.

Қазгидромет басшылығында кімдердің ұсталғаны анықталды

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Айыпталушы шенеунік қамауда отыр.

Нұрбек Қарабалаевтың грэпплинг және панкратион бойынша Қазақстан чемпионы және Мәскеуде самбодан өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері екені белгілі.

Ақтауда түрме бастығы жемқорлық үшін жеті жылға сотталды

Жаңалықтар
0