Өңірлер

"Туғым келмеген еді": Павлодарда анасы екі айлық сәбиін аяусыз ұрып өлтірді

Бас сүйегі сынып кеткен бала оқиға орнында шетінеген
Sputnik

ПАВЛОДАР, 7 ақпан – Sputnik. Павлодар қаласының №2 сотында екі айлық ұлын сабап өлтірген әйелге үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Үкім шығарғанда сотталушы мен процестік прокурордың келісім жасасқандығы ескерілді.

Ақсуда студент сәбиін туа сала өлтірді

Айыптаудың мәліметінше, 2018 жылдың тамыз айында дүниеге келген баласын 39 жастағы әйел қаламаған екен. Жүкті екенін білген кезде түсік жасатуға кеш болыпты. Тұрақты табыс көзі жоқ, оның үстіне 2013 жылы туған бір ұлы бар. Сол себепті жаңа туған сәбиді масыл көріп, дұрыс қарамаған.

Былтыр бірінші қарашада әйел әкесінің үйінде көршісімен бірге бас қосыпты. Ер адам кетіп қалған соң, удай мас әйел бос жатын орын болмағандықтан, сәбиімен бірге жерге ұйықтамақ болады. Қарны аш бала жерде ыңғайсыз жатқандықтан жылай бастайды. Мас анасы бұған қатты ашуланып, басынан шапалағымен кем дегенде алты рет ұрған.

Сәби жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, бас сүйегі сынып, сол жерде шетінеп кетті.

Сотталушыны сотта ағасы пен әпкелері барынша жақтады. Бұлай жасауы мүмкін емес деп ақтауға тырысты, бірақ айыптау тарабы мән-жайды анық білетін: анасы сәбиді аяусыз ұрып өлтірген. Әйелдің өзі болса ештеңе есімде жоқ деп жауап берген.

Жас босанған әйел сәбиін әжетханаға лақтырды

Сот отырысында сотталушының адвокаты қорғалушысы мен прокурор арасында айыпты мойындау туралы келісім жасауға өтініш білдірді. Соның арқасында судья әйел адамды тек алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Мас адам жасқа толмаған баласын терезеден лақтырып жіберді