АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астананың білім басқармасы ертең 7 ақпанда бірінші ауысымдағы барлық сынып оқушылары үшін сабақ болмайтынын хабарлады.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Астанада күн аяз, түнде ауа температурасы минус 37 градусқа дейін төмендесе, күндіз 27 градус нөлден төмен болады.
Астана әкімі қатты аязға байланысты жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды
Астанада ертең оқушыларға сабақ болмайды
© Sputnik