АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астананың білім басқармасы ертең 7 ақпанда бірінші ауысымдағы барлық сынып оқушылары үшін сабақ болмайтынын хабарлады.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Астанада күн аяз, түнде ауа температурасы минус 37 градусқа дейін төмендесе, күндіз 27 градус нөлден төмен болады.
© Sputnik Неше градус суық болғанда сабақ болмайды?
Неше градус суық болғанда сабақ болмайды?
© Sputnik