Қоғам

Астанада ұялы телефондардан 3 миллион теңге ұрлаған жігіт ұсталды

Күдікті әлеуметтік инженерияның тәсілдерін пайдалану арқылы абоненттердің шоттарына қол жеткізгені анықталды
Sputnik

АСТАНА, 6 ақпан— Sputnik. Астананың Криминалдық полиция қызметкерлері ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкерін ұстады. Оған абоненттерден 3 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың басынан 2019 жылдың қаңтары аралығында ұялы байланыс компаниясына абоненттерден теңгерімдерінен түрлі сомалар (10 000 мың теңгеден 50 000 теңгеге дейін) жоғалып тұратыны туралы шағым түскен.

Сөмкесі "ұрланған" семейлік студент қыз ұятқа қалды

"Осы факті бойынша 2019 жылдың 18 қаңтарында Астана қаласы полиция департаментіне абоненттерден 3 000 000 теңгеге жуық ақшалай қаражатты жымқыру фактісі бойынша ұялы байланыс компаниясының өкілінен қатынас қағаз келіп түсті", - деп жазылған хабарламада.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкерін ұстады, одан тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. 

Тергеп-тексеру барысында күдікті әлеуметтік инженерияның тәсілдерін пайдалану арқылы абоненттердің шоттарына қол жеткізгені анықталды. Содан кейін қысқа мерзімге сөндіріп қойған және осы кезде ақшалай қаражатты жымқырған. Ақшалай қаражат бір күндік абоненттік нөмірлер және жалған тұлғалардың банктік карточкалары  арқылы бірден-бірге аударылып отырған.  Жалпы шығын 3000 000 теңгені құрап отыр.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жасалған  ұрлық) тергеу жүргізілуде.