АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ертең республикада күн құбылмалы болады, батыста, оңтүстік-шығыста және шығыста ауа райы жауын-шашынды. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ертең Қазақстанның батысында бұрқасын болады. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы 20 м/с дейін барады.
Алматы облысында кей жерлерде түнде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында аяз сақталады, кей жерлерде – 45 градусқа дейін.
Шығыс Қазақстан облысында да 42 градус, кейбір аймақтарда 45 градусқа дейін аяз болады.
Өңірлердегі ауа райы
Жамбыл және Атырау облыстарында – тұман, көктайғақ, қатты жел (15-20 м/с). Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасындатады.
Тағы оқыңыз: Сұрапыл аяз: Елорда әкімі жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды
Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында да бұрқасын болжануда.
Алматы облысында кей аймақтарда түнде қатты аяз болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде сынап бағанасы -37 градусқа, ал күндіз -27 градусқа дейін төмендейді.
Тағы оқыңыз: Қыста суға түсетін адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болады - дәрігерден кеңес
Алматыда, Gismeteo мәліметінше, күндіз ауа температурасы -8 градус, ал түнде -15 градус аяз.
Шымкентте күндіз -3, ал түнде -8 градус суық, аздаған қар жауады.