Спорт

Екі нокдаун мен жойқын нокаут: Қазақстан чемпионы кәсіпқой боксқа қадам басты – видео

"Astana Arlans" командасының бұрынғы боксшысы Сапарбай Айдаров кәсіпқой бокстағы карьерасын бастады
Sputnik

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. 75 килограмм салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионы, бұрын "Astana Arlans" құрамында болған боксшы Сапарбай Айдаров кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлімханұлы америкалық боксшыны нокдаун және нокаутпен жеңді - кездесудің толық видеосы

Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Үндістан боксшысы Харш Пурохитпен (0-1) жұдырықтасты. Кездесу барысында Айдаров Пурохитті екі рет нокдаунға түсіріп, төртінші раундта жойқын соққысымен тағы да құлатты – бұл жолы төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеген. Сөйтіп, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Екі нокдаун мен нокауттың видеодан боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жанкүйерлерімен бөлісті.

Айдаров кәсіпқой бокстағы жолын супер орташа салмақта бастаған екен. Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша, бұл дәрежеде тағы бес қазақстандық жұдырықтасады: Диас Тастеміров, Дәурен Елеусінов, Арман Рысбек, Нұрзат Сабыров және Айдос Ербосынұлы.