АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. 75 килограмм салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионы, бұрын "Astana Arlans" құрамында болған боксшы Сапарбай Айдаров кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Үндістан боксшысы Харш Пурохитпен (0-1) жұдырықтасты. Кездесу барысында Айдаров Пурохитті екі рет нокдаунға түсіріп, төртінші раундта жойқын соққысымен тағы да құлатты – бұл жолы төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеген. Сөйтіп, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Екі нокдаун мен нокауттың видеодан боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жанкүйерлерімен бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айдаров кәсіпқой бокстағы жолын супер орташа салмақта бастаған екен. Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша, бұл дәрежеде тағы бес қазақстандық жұдырықтасады: Диас Тастеміров, Дәурен Елеусінов, Арман Рысбек, Нұрзат Сабыров және Айдос Ербосынұлы.