Қоғам

Әли Оқапов неден қорқатынын айтты

Оның пікірінше, бала зорлау оқиғаларын бүкіл әлемге жар салып, жариялау әдепке жатпайды
Sputnik

АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстандық әнші Әли Оқапов ел ішінде ұрлық-қарлық, зорлау секілді оқиғалардың көбейіп кеткеніне алаңдайтынын және мұндай проблеманы мәдениеттің көмегімен шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Неге бермеске?" Танымал қазақстандық жас әнші атақтан дәмелі екенін жасырмады
Жас әншінің айтуынша, кей кезде жаңалықты ашып оқуға қорқатын кездер болады.

"Денис Теннің өлімі туралы айтпау мүмкін емес, жанға бататын жайт. Кей кезде "Қазір неге осындай жаңалықтар шығып жатыр? Бұл жақсы ма, әлде жаман ба?" деп өз-өзіңе сұрақ қоясың. Тіпті кейде жаңалықты ашып оқуға қорқасың, өйткені әртүрлі жағдайлар болады. Мүмкін, мұның бәрі ақпарат саласының дамығанынан шығар", - дейді Оқапов мәдениет және спорт министрлігінде өткен брифингте.

Оның пікірінше, бала зорлау оқиғаларын бүкіл әлемге жар салып, жариялау әдепке жатпайды.

"Себебі біз сол балалардың тағдырын, болашағын ойлауымыз керек. Ең алдымен, олар өздері немесе ата-анасы шешім қабылдауы керек, тиісті шаралар қолға алынуы керек", - дейді өнер жұлдызы.

Оқапов мәселенің анық-қанығына көз жеткізбейінше, пікір білдіруге асықпайтынын айтты.

Тағы оқыңыз: Танымал әнші Димашты сынаған Ринат Зайытовқа жауап берді

"Өйткені кейін істің мән-жайы шығып, сенің пікірің қате болып қалып жатады. Жалпы мұндай оқиғалар елімізде мүлде болмауы керек, қайталанбауы керек деп санаймын. Мұндай мәселелерді мәдениеттің көмегімен де шешуге болады деп ойлаймын. Себебі рухани бай адам мұндай қадамға бармайды", -деген пікірде әнші.