Оқиға

Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апаты: жеті көліктің күл-талқаны шықты

"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолында қалың тұман салдарынан ірі жол апаты болды
Sputnik

АСТАНА, 2 ақпан - Sputnik. Жамбыл облысында жеті көлік соқтығысып, зардап шеккен үш адам ауруханаға жатқызылды.

Атырау – Орал трассасында жантүршігерлік жол апаты болды

1 ақпанда кешкі сағат бес кезінде көлік апаты болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолының 552-ші километрінде жеті көлік соқтығысып қалған. Апатқа қалың тұман себепші болыпты. Оның үстіне көлік жүргізушілері ауа райы қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік ережесін орындап, жылдамдықты азайтпаған.

Жол апаты салдарынан көліктердің быт-шыты шыққанына қарамастан, адам шығыны болған жоқ. Үш кісі әртүрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жол апатын тіркеп, схемасын құрғаннан кейін полицейлер айыптыны анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындайды.