АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Атырау – Орал тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Қайғылы жол апаты 12 қаңтар күні Атырау – Орал тас жолының 8 шақырымында болған. "Лада" мен "ВАЗ" маркалы көліктері соқтығысқан.
"Апат салдарынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды. Тағы бес адам ауруханаға түсті", — деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 345-бабы "Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.