АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Италияның солтүстік-батысында орналасқан Локана қаласының мэрі көшіп келіп, сәбилі болған әр жаңа тұрғынға 9 мың еуро (10 200 доллар) төлеуге уәде берді, деп хабарлайды CNN.
Бұл сома үш жыл бойы төленеді, дейді Джованни Бруно Маттиет. Мэр әуелі итальян халқы мен Италияда тұратын шетелдіктерге үндеу жолдаған еді. Қазір шетелде тұратын адамдарды да шақырып отыр.
Локана билігі халық саны күрт азайып кеткендіктен осындай шешім қабылдаған екен. Қазір елді мекенде 1,5 мың адам тұрады. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ірі қалаларға көшіп кеткен.
Италия азаматына тұрмысққа шыққан қазақ қызы өз өмірі жайында айтып берді
Қалада ондаған дүкен, мейрамхана жабылып қалды. Қазір жалғыз мектеп те жабылудың аз-ақ алдында тұр. Жыл сайын Локанада 40 адам қайтыс болып, небәрі 10 сәби дүниеге келеді.
Мэр атап өткендей, жаңа тұрғындар бұрынғы жұмыстарында қашықтан істей берсе болады, бірақ қалада да жұмыс орындары бар. "Біз негізінен жастар мен мамандарды тартқымыз келеді. Локанада салауатты өмір салтын ұстана аласыз, тағамы керемет, жәрмеңкелер жыл сайын істеп тұрады", - дейді ол.
Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке көшетін халық баспанамен қамтамасыз етіледі
Шағын қала болса да, Локана өте бай елді мекен болып саналады, ондағы су электр станциясының ресурсы бүкіл Италияны қамтамасыз етеді.