Өңірлер

БҚО-да бойжеткен арманына жету үшін күн сайын 120 километр жүреді

16 жастағы Рамзия Өтепова жаттығуға қатысу үшін күнде Янайкино ауылынан Оралға барады
Sputnik

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Янайкино ауылында тұратын 16 жастағы Рамзия Өтепова волейболдан жаттығуға қатысу үшін әр жұмыс күні Оралға барады. Қала мен ауыл арасы 60 километр, бойжеткен ауа райы қандай болса да, жолдан қалған емес.

Қазақстандық спортшы сынған аяғымен әлем чемпионатының медалін жеңіп алды
Журналистер бұл мақсатшыл қыз жайлы жергілікті "Грация" әйелдер волейбол командасының бапкері Куленке Губашевтен сұрап білді.
"Менде әртүрлі спортшылар болды. Әрқайсының ынтасы мен тәртібі әртүрлі деңгейде. Бірақ мұндай қызды алғаш рет кездестіріп отырмын. Оның әрекеті, жақсы мағынада, ақылға сыймайды. Мұндайлар спортта зор нәтижелерге қол жеткізеді", - деп атап өтті бапкер.
Спортшыға арналған репортажда Рамзия өзі жайлы айтып берді, деп жазды "Уральская неделя".

"Менің кәсіби волейболшы болғым келеді. Әлем чемпионатында ойнауды, көп доп соғып, жеңіске жетуді армандаймын", - дейді қаршадай қыз.