Спорт

Қазақстандық спортшы сынған аяғымен әлем чемпионатының медалін жеңіп алды

© Sputnik / Дархан МусинАралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты
Аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әліби Теміртасов жарақат алғанына қарамастан, үш жекпе-жекке қатысқан

АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Оралдық Әліби Теміртасов Бахрейнде аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Қазақстандық спортшы сынған аяғымен үш жекпе-жекке қатысқан. 

Ұлттық федерация - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қарсыласын "ұйықтатты": Қазақстан ММА-ден әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшының ерлігі туралы Қазақстан ММА федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов фейсбуктегі парақшасында жазды. 

56,7 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Әліби Теміртасов екінші жекпе-жектің ортасында жарақат алып, қалған екі жекпе-жекті ақсаңдап жүріп өткізген. 

"Бүгін рентгенге түсіргенде, Әлібидің екінші жекпе-жекте жіліншігі сынғаны анықталды. Мұндай жарақатпен әлем чемпионатының медалін қалай жеңіп алғаны мен үшін жұмбақ, таңданып әрі тәнті болып отырмын!, — деп жазды Махметов. 

Оның пікірінше, Әліби нағыз ерлік жасаған. 1/4 финалда америкалық қарсыласын, мұның алдындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерін мерзімінен бұрын жеңген. Ал жартылай финалда дағыстандық Руслан Сатиевпен тартысты жекпе-жек өткізген. 

"Қазақ елі осындай батырларымен мақтануы керек! Осындай жігіттер еліміздің атын әлемге шығарады. Әліби, нағыз батыр!, — дейді Махметов. 

Ол Әлібиге ота жасау қажет екенін атап өтті. 

Қазақстан құрамасы Бахрейндегі әлем чемпионатынан бір алтын, бір күміс және жеті қола медальмен оралды. 

 

Жаңалықтар
0