Өңірлер

Шымкентте сатушы әйелдің әрекетінен кейін тонаушы қашуға мәжбүр болды

Полиция қызметкерлері дүкен тонамақ болған жігітті іздестіріп жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 қаңтар — Sputnik. Шымкентте кішігірім дүкендегі сатушы әйел тонаушыға кассадағы ақшаны бермей, тіпті, оны қашуға мәжбүрлейді. Бұл жағдай 30 қаңтар күні Шымкент қаласының Байтұрсын және Арғынбеков көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Астанада дүкенге шатыр арқылы түскен ұры бақылау камерасына түсіп қалды
Сатушы әйелдің айтуынша, жас жігіт дүкенге кіріп одан бар ақшаны беруді талап еткен. Алайда әйел оның айтқанын орындаудан бас тартады.

Бұдан кейін ер адам ашуға бой алдырып, жұдырық ала жүгірмек болады. Осы сәтте сатушы бетіне көзді ашытатын газ шашып, ақырында ер адам қашуға мәжбүр болады.

Араға бірнеше минут салып дүкенге жол-көлік полициясы келіп, тонаушының қандай киімде болғанын анықтайды. Алайда олар ер адамды бірден қолға түсіре алмады.

Тағы оқыңыз:

Жедел тексеру тобы оқиға болған жерде жұмыс істеп, дүкен тонамақ болған ер адамның саусақ ізін алды және фоторобот құрастырды. Қазіргі сәтте тонаушыны іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.