27 қазан күн таңға қарай белгісіз біреу Уәлиханов көшесінде орналасқан дүкенге шатыр арқылы түскен. Ер адамның әрекеті видеобақылау камерасына түсіп қалды.
Оқиға орнына аттанған полиция жасағы қаскүнемді ұрлық үстінде ұстады.
Астана ішкі істер департаментінің мәліметінше, 27 қазан мен 3 қараша аралығында бақылау камераларының көмегімен бұзақылық, ұрлық және тонау секілді 14 қылмыстық құқық бұзушылық, сондай-ақ екі мыңға тарта әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталған.