Әлем

Жасы отыздан асқан қыздарға 8 күндік демалыс берілмек

Қытайда 25 жастан асқан қыздардың өз жартысын табуы қиынға соғады
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қытай оң босағада отырып қалған қыздарды тезірек тұрмысқа беруге асық. Ханчжоудағы екі бірдей компания жасы 30-дан асқан әйелдерге арнап 8 күндік еңбек демалысын жариялапты. Басы бос қыздар осы уақытта сүйіктісін тауып, тұрмысқа шыға алады.

Қытай көп бала тууды насихаттай бастады

Қытайда 25 жастан асқан қыздардың өз жартысын табуы қиынға соғатын көрінеді. Компания менеджерлері бұл бірде-бір ер адам жұмыс істемейтін бөлімдегі қыздар үшін тиімді мүмкіндік дейді.

Ұсынысты қызметкерлердің барлығы құптап отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы. 

Бүгінде қытайлық әйелдердің басым бөлігі жеке өміріне емес, мансабына көбірек көңіл бөледі. Сөйтіп, некеге тұруды кейінге қалдырып, тіпті отбасын құрудан мүлде бас тартады екен. Бұл елдің демографиялық жағдайына кері әсер етіп отыр. Әрі Қытайда некеге тұру саны да жыл сайын азайып барады.