Әлем

Жасы отыздан асқан қыздарға 8 күндік демалыс берілмек

© Sputnik / Владислав ВодневЖаңбырлы ауа райы, архивтегі фото
Жаңбырлы ауа райы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайда 25 жастан асқан қыздардың өз жартысын табуы қиынға соғады

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қытай оң босағада отырып қалған қыздарды тезірек тұрмысқа беруге асық. Ханчжоудағы екі бірдей компания жасы 30-дан асқан әйелдерге арнап 8 күндік еңбек демалысын жариялапты. Басы бос қыздар осы уақытта сүйіктісін тауып, тұрмысқа шыға алады.

Бейжің вокзалының ғимараты - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қытай көп бала тууды насихаттай бастады

Қытайда 25 жастан асқан қыздардың өз жартысын табуы қиынға соғатын көрінеді. Компания менеджерлері бұл бірде-бір ер адам жұмыс істемейтін бөлімдегі қыздар үшін тиімді мүмкіндік дейді.

Ұсынысты қызметкерлердің барлығы құптап отыр, деп хабарлады "Астана" арнасы. 

Бүгінде қытайлық әйелдердің басым бөлігі жеке өміріне емес, мансабына көбірек көңіл бөледі. Сөйтіп, некеге тұруды кейінге қалдырып, тіпті отбасын құрудан мүлде бас тартады екен. Бұл елдің демографиялық жағдайына кері әсер етіп отыр. Әрі Қытайда некеге тұру саны да жыл сайын азайып барады.  

Жаңалықтар
0