Мәдениет

Продюсер Баян Алагөзова профессор атанды

Әлеуметтік желі қолданушылары продюсерді жарыса құттықтап жатыр
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы профессор дәрежесін алды. Бұл туралы продюсердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Ел игілігі үшін жүрміз!". Баян Алагөзова жоғарғы соттан күйеуіне көмек сұрады
"Аса құрметті, Баян Мақсатқызы! Республикалық жеңіл өнеркәсіп зерттеу институты ғылыми кеңестің шешімімен сізге "Менеджмент профессоры" дәрежесін беруді ұйғарды. Дипломды әзірлеу үшін қажетті құжаттар тізімін жіберіп отырмыз. Институттың бас директоры, профессор Мұрат Мыңбаев", — деп жазылған продюсер бөліскен суретте.

Аталған сурет Whats App желісіне келген хабарламаның скриншоты болса керек. Баян Алагөзова өз кезегінде қуанышты екенін жеткізді. Ал желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі қуанышты екенін жазып, құттықтаса, екіншісі продюсердің мұндай дәрежеге лайық еместігін алға тартты.

"Баян Мақсатқызы, жарайсың! Алға", "Адамға белдемшесі жарасып тұрса, оның ұзындығының маңызы қандай? Мұндай адамдар профессор болмайды деген ереже бар ма?", "Құттықтаймын! Сіз лайықсыз!", "Бұған таңғалып, тіпті, орнымнан тұра алмай отырмын" деп жазды желі қолданушылары.

Тағы оқыңыз:

Арасында институт директорының хабарламадағы қатесін бетіне басқандар да болды. Ол продюсердің әкесінің есімін қате жазған.