АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы профессор дәрежесін алды. Бұл туралы продюсердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Аталған сурет Whats App желісіне келген хабарламаның скриншоты болса керек. Баян Алагөзова өз кезегінде қуанышты екенін жеткізді. Ал желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі қуанышты екенін жазып, құттықтаса, екіншісі продюсердің мұндай дәрежеге лайық еместігін алға тартты.
"Баян Мақсатқызы, жарайсың! Алға", "Адамға белдемшесі жарасып тұрса, оның ұзындығының маңызы қандай? Мұндай адамдар профессор болмайды деген ереже бар ма?", "Құттықтаймын! Сіз лайықсыз!", "Бұған таңғалып, тіпті, орнымнан тұра алмай отырмын" деп жазды желі қолданушылары.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ажырасқан жұлдыздар кімдер?
Арасында институт директорының хабарламадағы қатесін бетіне басқандар да болды. Ол продюсердің әкесінің есімін қате жазған.