Әлем

Әйел адам бейтаныс жігітті інісі екен деп өлтіруге рұқсат берді

АҚШ ауруханасының дәрігерлері науқасқа қателесіп эвтаназия жасады
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. АҚШ тұрғыны әл үстінде жатқан науқасты өзінің бауыры екен деп, өмір сүруді қамтамасыз ететін аппараттардан ажыратуға рұқсат берді, деп жазады New York Post.

Дәрігерге қаралған әйел өзінің ер адам екенін білді

2018 жылдың 15 шілдесінде 40 жастағы Фредди Кларенс Уильямс есірткіні шамадан тыс қолданып, ес-түссіз халде ауруханаға жеткізіледі. Медициналық қызметкерлер Ширелл Пауэлл есімді әйелге хабарласып, інісі Фредди Уильямстың өлім ауызында жатқанын естірткен. Бірақ дәрігерлер науқастың екінші есімін атамапты.

Ер адамның бірінші есімі, фамилиясы мен туған жылы әйелдің бауырымен тура бірдей болып шыққан. 48 жастағы Пауэлл жақын туысым екен деп, тоғыз күн науқастың қасында болады.

Дәрігерлер екі күн жігіттің өмірі үшін күресіп, ақыры соңында әйелге "бауырының" миы өліп қалғанын жеткізеді. Қайғыдан қан жұтқан Пауэлл науқастың жазылуынан күдерін үзіп, басқа туыстарына хабарласып, ауруханаға келіп қоштасуға шақырыпты.

Екі аптадан соң ағасы мен әпкесі келеді де, Пауэлл тиісті құжаттарға қол қойып, Фредди Уильямсты өмір сүруді қамтамасыз ететін аппараттардан ажыратқызады. Мәйітті сойғаннан кейін ғана ер адамның Пауэллдің інісі емес екені белгілі болды – ал шын бауыры 2018 жылдың 1 шілдесінен бері түрмеде отырған болып шықты.