Әлем

Дәрігерге қаралған әйел өзінің ер адам екенін білді

CC0 / loilamtan / Әйел жерге қарап отыр
Әйел жерге қарап отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел бір жылдан бері бала сүйе алмай жүргенін айтып дәрігерге қаралған

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Қытайда дәрігерге қаралған әйел өзінің биологиялық жынысының ер екенін білді. Бұл туралы порталы жазды. 

Жасөспірім, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Асырайтын ерім бар". Жынысын ауыстырғысы келетін жігіт қалай күн көретінін айтты
Жағдай Хунань провинциясында болды. 26 жастағы қытайлық әйел бір жыл бұрын тұрмысқа шықса да, сәби сүйе алмай жүргенін айтады. Гинеколог маман оны тексеріп, жынысына байланысты толықтай әйел дей алмайтынын жеткізеді.

Әйел андрогендерді сезіне алмау синдромына шалдыққан болуы мүмкін. Яғни сырт келбеті нәзік, омырауы мен қынабы бар. Бірақ жатыры мен аналық жыныс безі жоқ. Ағзасында Y-хромосомасы кездесетіндіктен, бұл әйел биологиялық жынысы бойынша ер адам.

Мұндай адамдар өздерін әйел ретінде де, ер адам ретінде де таныстыра алады. БҰҰ адам құқықтары бойынша жоғары комиссар басқармасының анықтауынша, интержыныс дегеніміз қалыптан тыс жыныс мүшесінің немесе хромосоманың болуын білдіреді. БҰҰ есебі бойынша, жер бетінде жыл сайын 1,7% сәби осындай ерекшелікпен дүниеге келеді.

Жаңалықтар
0