Қоғам

Назарбаев кейбір студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды

Президент ерікті іспен айналысу жастардың еңбек нарығына тез бейімделіп, өз-өзін жетілдіруіне септігін тигізетінін атап өтті
Sputnik

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерікті студенттердің шәкіртақысын шамамен 30 процентке көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды тілшісі. 

Назарбаев ерікті іспен айналысу жастардың еңбек нарығына тез бейімделіп, өз-өзін жетілдіруіне септігін тигізетінін атап өтті. 

Перуашев Қазақстанның атауын өзгертуді ұсынды

"Халықаралық бағалау бойынша, әлемнің ірі 300 компаниясының қызметкерлерінің үштен бірі апта сайын жұмыс күнінің бір сағатын ерікті іске жұмсайды екен. Ал біз бұл туралы ойлаған да жоқпыз. Мұнымен арнайы жұмыс істеу керек", — деді президент. 

Осы орайда Назарбаев үкіметке тапсырма берді. 

"Үкімет ерікті іспен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысын көбейту бойынша жұмыс істеуі керек. Шамамен 30 процентке. Бұл студенттер үшін әжептәуір көмек және халыққа да пайдалы", — деді Елбасы. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жоғары білімнің қолжетімділігіне де тоқталды. 

"Тәуелсіздік жылдарында елімізде 2,8 миллион жоғары білімді маман даярланған. Егер 1991 жылы жоғары білімі бар адамдардың саны 42 мың болса, 2018 жылы – 151 мың адам. Айырмашылығын көріп отырсыздар ма? Бірақ жоғары білім алу дипломды қалтаға салу емес. Сапалы білім болуы керек. Әйтпесе, мұндай дипломның ешкімге керегі жоқ. Әсіресе, жұмысқа орналасқанда, бір айдан кейін сенің кім екенің көрініп тұрады", — дейді президент.