Қоғам

Перуашев Қазақстанның атауын өзгертуді ұсынды

© SputnikАзат Перуашев
Азат Перуашев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Азат Перуашев үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанның атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат: Астана қаласының атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп өзгертуге болады
Ол депутаттық сауалын премьер-министрдің атына жолдады. Перуашев мемлекеттілік тұрғысынан болашақ Тәуелсіз Қазақстанның іргетасына айналған, КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының құрылғанына 2020 жылы 100 жыл толатынын еске салды. 

"Өткен жылы Әзербайжан Республикасы өзінің 100-жылдығын атап өтті, биыл Ресей президентінің ресми жарлығымен "Алашорданың" құрдасы — Башқұрт Республикасы 100 жылдығын тойлайды. Осыны ескере отырып,  "Ақ жол" демократиялық партиясы Қазақ Республикасының 100 жылдығына мемлекеттік дәрежеде көңіл бөліп, лайықты деңгейде атап өтуді ұсынады. Ол үшін ғылыми конференциялар ұйымдастырып, сол шешімнің қабылдауына себепкер болған қайраткерлердің еңбектерін жариялап, олардың есімдерін көшелер мен мекемелерге беріп, пошта маркілерін, естелік монеталар шығаруды сұраймыз", — деді ол депутаттық сауалында. 

"Екіншіден, "Қазақ Республикасы" атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Негізінде, мұндай бастаманы 5 жыл бұрын "Мәңгілік Ел" тұжырымдамасын талқылау барысындан Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Елбасының ұстанымын жүзеге асыратын уақыт келді деп ойлаймын.

Қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ деп өз атымен атауымыз керек. Республикаға тоталитарлық биліктің өзі мойындаған байырғы "Қазақ" деген атауын қайтару тарихи әділдікті орнатып қана қоймай, біздегі әртүрлі ұлт өкілінің бірлігі мен достығының нығаюына әсер етеді", — деді Перуашев. 

Оның айтуынша, "Қазақ Республикасы" атауы Қазақстан атауымен қатар ресми түрде қолданылуы қажет. 

Тағы оқыңыз:

2014 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев республиканың ресми атауына қатысты пікір білдірген болатын. Елбасы уақыты келгенде республика атауын "Қазақ елі" деп өзгертуді қарастыру қажеттігін, бірақ әуелі халықпен жақсылап ақылдасу керектігін айтқан еді.
Жаңалықтар
0