АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Астана қаласы мен төрт облыста ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман, күндіз кей жерлерде бұрқасын соғады. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Өскемен қаласында ертең күндіз бұрқасындатады, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Семейде күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Алматыда ертең күн бұлтты, күндіз ауа температурасы + 2 градус, түнде — 1 градус болады.
Шымкентте де күн бұлтты, күндіз ауа температурасы + 2 градус, түнде — 3 градусқа төмендейді.