Судан шыққан Қайырбек Аяшев өзін жақсы сезінетінін айтты.
Сондай-ақ рекорд орнатуды мақсат еткен тұрғынға жиналған адамдар қолдау көрсетті.
Крещение күні кезекшілікке шыққан реанимациялық бригаданың дәрігері Дина Жүнісова мұздай судың ішінде ұзақ уақыт тұрған ер адамның хәлі туралы айтып берді.
"Ол суда 35 минут 15 секунд болды. Шыққаннан кейін біз оны қарап шықтық. Денсаулығы қалыпты, қан қысымы 130, тамырдың соғуы 86, өзін жақсы сезінеді", — деді ол.
Рекорд орнатқан Қайырбек Аяшев өз әсерімен бөлісті.
"Өзімді жақсы сезініп тұрмын, әуелі қиынырақ болды, сосын жеңілдеді. Аяғымның саусақтары тоңып қалды. Бірақ бәрі жақсы, келесі жолы бұдан екі есе ұзақ тұрамын", — деді Аяшев Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айта кетсек, мұздай судың ішінде тұрудан әлемдік рекордты ресейлік орнатты, оның уақыты – 2 сағат.