Қоғам

Назарбаев Шымкенттің бұрынғы әкімін жаңа қызметке тағайындады

Нұрлан Сауранбаев президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі лауазымын атқарады
Sputnik

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Нұрлан Сауранбаев президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

 "Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Шымкенттің мәртебесіне байланысты республикалық бюджет қайта қаралды

Ол 2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі болды. 

Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы – экономист.

1990 жылдары "Еңбек" компаниясын басқарды, Қазақстанның кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры болған. 

2011 жылдан 2014 жылға дейін индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарды. Кейінірек   қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы лауазымын иеленді.